Барша қауымды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт пен береке тілеймін!
Әділдік пен теңдік – бәрімізге ортақ құндылық. Расында, әр азамат әділдік пен теңдікті өзінен, өз отбасынан бастауы керек. Сонда ғана қоғамда игілік салтанат құрады.
Асыл дініміз адам құқығы мен құндылығын басты орынға қояды. Азаматтардың теңдігіне кепіл болатын Ата заңымызда да адам құндылығы айрықша жазылған.
Ендеше, азаматтық қоғам қалыптастыру, ар-ождан құндылығын жоғары орынға қою – баршамызға ортақ іс. Алла Тағала игі істерімізге береке берсін. Жаратушы Жаббар Иеміз жұртымызға жар болып, жақсылығын жаудырғай! Әмин!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти