Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақиқат туралы білмегені болса кешікпей сұрап білмек

0 788

Уа, достар, кімде-кімнің көңіліне осы иман ықтиқат туралы бір күдік шүбә кірсе — оны кідірмей тез сұрап, ғалымдардан ізденіп білу керек. Олай қылмаса, иманға салақтық қылған болады.

Салақ кісі түбі жоқ шелекпенен бірдей, оған құйған ас тоқтамаған сықылды салақ кісінің иманын берік деп айта алмаймыз. «Ат-тауаккафу йамнағу ат-тасдика» – дегеннің мағынасы: дағдарын қалу-білуді, нануды тоқтатады деген. Және күпір боларлық ойларды да ойлай беру керек емес. Оның үшін бенде өзінің ақылы жетерлік жерге шейін ғана ойлағанда Құранның аятына, пайғамбардың анық хадистеріне һәм бұрынғы әулие мужтаһидтардың пәтуасына сүйеніп отырып ойлау керек.

Олай болмағанда, ақылы жетпейтұғын нәрсені білемін деп шәк шүбә қыла берген ой адамды тез адастырады. Мәселен, Алла Тағаланың барлығын, бірлігін, құдіретінің зорлығын, кемшіліксіз екенін һәм сипаттарын білгеннен соң, Алла қандай екен, қайда екен, не қылып тұр екен дегендей ақымақтық ойдан зинһар аулақ болу керек оның үшін бір Алла Тағаланың ақылымыз жетпейтұғын затын білмек түгіл, өзіміз үшін жаратылған дүниенің мың-миллионнан бір нәрсенің қасиет, сырын, пайда-залалын біле алмаймыз, құр табылмасты іздеген сықылданып, босқа қаңғырған жаман адастырып, теріс жолға кетеді.

Сол себептен, аятта айтқан: «йа айюһал-лазина аману-джтанибу каси-ран миназ-занни анна бағдаз-занни исмун». Мағынасы: ай, мұсылмандар, орынсыз көп шүбәланып, ойлай бермеңіз. Оның үшін кейбіреуі күнәға батырады деген.

Және бір аят: «инназ-занна ла йуғни минал-хаққи шайған». Мағынасы: шәк қылып ойлай берген ой ақ жолға пайда болмас деген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.