Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен сұхбаттасты

0 372

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті. Кездесуде Бас мүфти Құран аяттарын дұрыс түсінудің, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетудің, рухани бірлікті нығайтудың, бір мәзһабты ұстанудың маңызы жайлы айрықша атап өтті. Жазасын өтеп жатқан азаматтар Бас мүфтиге діни мәселеге қатысты сұрақтарын қойып, жауап алды. Айта кетсек, Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті діни ағымның арбауында кеткен азаматтарды оңалту, оларға діни кеңес беріп, түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізу. Осы жылдың соңғы 9 айында еліміз бойынша діни оңалту жұмысына жауапты мамандар тарапынан еркіндікте жүрген деструктивті діни ағым (ДДА) мүшелерімен 4557, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен 2053 кездесу өткізді. Имамдардың тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде дәстүрлі емес деструктивті бағытты ұстанған 190 адам қоғамдық құндылықтарға бейімделді, оның 42-сі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.