Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәһір мен қалыңмалдың айырмашылығы

0 565

Мәһір – тұрмысқа шыққан қыздың ақысы. Әкесі немесе атасы қыздың атынан мәһірді қабылдай алады, бірақ оны өздері иелене алмайды. Мәһірді иелену тек қыздың өзіне ғана тиесілі. Ал егер қыз өз ризашылығымен берсе, ата-анасының оны алуына рұқсат. Қалың мал қыздың ата-анасына беріледі. Қалың мал ретіндегі ақшаға ата-анасы қыздың жасауын, яки қажетті заттарын алуға қолданса, оны мәһір деп қарауға болады. Алайда қалың малды қыздың әкесі алып, өз жеке қажеттіліктері үшін қолданса, мәһірге саналмайды.

Имам Әбу Ханифаның әрі өзге де ғалымдардың пікірінше, қыздың әкесі күйеу жігіттен мәһірдің тысында ақша талап етуге қақысы жоқ. Бірақ күйеу жігіттің өз көңіл қалауымен қыздың ата-анасына сый-сияпат беруіне тыйым салынбаған.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.