Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАНТ мүшесі мазхаб ұстанудың маңыздылығы жайында уағыз айтты

0 660

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде РАНТ мүшесі, Қызылорда қаласы «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев жамағатпен жүздесті. РАНТ мүшесі жамағатқа «Мазхаб ұстану – Құран және хадиске бекемдік белгісі» тақырыбында көркем уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында РАНТ мүшесі барлық ғалымдарымыз, сонымен қатар мешіт имамдары кешегі ата-бабамыз берік ұстанған Ханафи мазхабы негізінде жамағатқа тәлім беріп, мұсылман жамағатының ауыз біршілігіне қызмет етіп келе жатқанын, мазхабты жоққа шығару, оны мойындамау адасушылықтың негізгі себептерінің бірі екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Дастан Құрманбаев «мазхабқа еруді Құран мен хадиске қарсы шығу» деп түсіндіретіндерге «белгілі мазхабты ұстану Құран және сүннеттен шыққан жолға ілесу» дей келе, қасиетті Құрандағы: «Білмеген сұрақтарыңды білім иелерінен сұраңдар» («Нахыл», 43) деген аятты мысалға келтірді.

Уағыз соңында мешіт жамағаты көкейлеріндегі сауалдарға нақты жауаптар ала білді.

 

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.