Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАНТ мүшесі «Адал сауданың маңыздылығы» жайлы насихат айтты

0 441

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде РАНТ мүшесі, Қызылорда қаласы «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев жамағатпен жүздесті. РАНТ мүшесі жамағатқа «Адал сауданың маңыздылығы» тақырыбында көркем уағыз-насихат айтты.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) саудаға байланысты хадистерін, сауда-саттықтағы адалдық берекеге жол ашатынын айта келе, Дастан Құрманбаев адал сауданың белгісі ешкімге зиян келтірмейтін, Ислам тыйым салған заттар мен ұрланған заттардан болмауын атап өтті.

Сондай-ақ, сауда барысында сатушы тауар бағасын төмендетсе, сатып алушы ақшасын уақытында төлесе, қарызға алынған заттың құнын белгіленген мерзімде қайтарса, саудада жеңілдік жасаған адамдар Ұлы Жаратушының құзырында сыйға кенелетінін жамағатқа сүйіншілеп жеткізді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.