Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ілімнің және ғалымдардың қадірі

0 522

«Мирсадул-ибад минәл-мәбдә-и иләл-мәад» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Ғалымдар арасында қадірлі болу үшін және жаһилдермен сөз таластыру үшін және барлық жерде атақты болу үшін дін білімін үйренген дін адамы, жаннаттың иісін де сезе алмайды» делінген.

Бұл хадистен түсінетініміз, мал жинау және бір лауазымға отыру үшін және хайуани қалауларына жету үшін ілім үйренген және ілімімен амал етпеген адам, ислам ғалымы емес. Басқа бір хадисте: «Дүние жинау үшін ілім үйренген адам, дүниеде мал және мансапқа жетеді. Ақыреттегі табысы тек жаһаннам оты болады» делінген. Мұндай ілімнің пайдасы жоқ. Мұндай ілімнен қашу керек. Өйткені хадис шәрифте, «Иа Раббым! Мені пайдасыз ілімнен қорға!» делінген. Мұсылманның үйренуі қажет болған ілімдерге «Ислам ілімдері» делінеді. Ислам ілімдері екі түрлі. «Дін білімі» және «Жаратылыстану білімі». Дін үкімдерін өзгертуге тырысып жүрген реформаторлармен мазһабсыздар дін білімдеріне «Схоластик білімдер», жаратылстану білімдеріне «Рационал білімдер» дейді. Пайдасыз ілім екі түрлі болады: Біріншісі, жоғарыда білдірілген жаһаннамдық болғандардың үйренген діни білімдері. [Ескі Римдіктердің яһудилерді арыстандар арасына тастап жасаған зұлымдығы және орта ғасырда христиандардың крестік жорық арқылы Палестина мұсылмандарына жасаған жантүршігерлік шабуылдары және Гитлердің Европадағы және Ресеймен Қытай коммунистерінің Азиядағы миллиондаған адамдардың жанын қиған ядролық қарулары және ағылшындардың, халықтарды алдап, бауырды бауырына айдап салған шабуылдары, бұлардың барлығы осы жаратылыстану білімдерінің көмегімен жасалды.] Алла Тағала, жаратылыстану ғылымында ілгерілеген осындай қанқұмар болған адамзат дұшпандарын есектерге ұқсатып, «Олар Тәурат, [және Інжіл] жүктелген есек сияқты» деген. Ислам ахлағынан хабарлары болмаған осындай залым пәнді игерген адамдар, Хақ жолында емес. Хақ та’ала бұлардан разы емес. [«Қунуз-уд-дақаиқ» кітабындағы хадис шәрифте «Ең жақсыларың, Құранды үйреніп және үйреткендерің» делінген.] «Мишқат» кітабында былай делінеді, «Әрбір мұсылман еркек пен әйелдің, ислам білімдерін үйренуі парыз». Бұл хадис шәриф, Алла Тағаланың ризалығына сай ілімдерді үйренуді әмір етуде. Лайықты болмаған адамдарға ілім үйрету, доңыздарға алтын және інжу мойыншақ тағу сияқты.

[Түркия газетінің 12 маусым 1995 жылғы күнтізбе бетінде жазылған хадис шәрифте: «Қиямет жақындағанда шынайы дін білімі азаяды. Жаһил дін адамдары (дүмшелер) өз көз қарасымен фәтуа беріп, адамдарды тура жолдан адастырады» делінген.] Бір хадисте былай делінеді: «Бір заман келеді, адамдар дін адамынан, көшеде кезіккен есек өлігінен қашқандай қашатын болады». Бұл жағдай, адамдардың жағдайының бұзық, жиіркенішті болатынын хабар беруде. Өйткені ілімді Алла Тағала қадірлеуде. Бірақ дүниеге табынған ақымақтар, балалық шағында ата-анасының тәрбиесін алмаған, мектепке бармаған, есейгенде де нағыз дін ғалымының сұхбатында болумен немесе олардың кітаптарын оқумен абыройлана алмаған. Ондайлар ұстанған діндерінің қате болып қалуынан қорықпайды (білімсіздіктен) және нағыз дін ғалымдарының кітаптарын оқып үйренбейді. Олардың тек ойы – ақша, мал-мүлік жинау және мансапқа қол жеткізу. Олар мүліктің халалдан немесе харамнан келгеніне мән бермейді, дұрысты бұрыстан ажыратпайды. Ілімнің және шынайы дін ғалымдарының қадірін білмейді. Шынайы дін адамдарының уағыздары, кітаптары, бұлардың көзінде мал базарында әдемі иіс сулар сататын және соқырларға айна сататын адам сияқты. Әбу Ләһәб сияқты адамға «Таһа» сүресін оқу және көше қаңғыбасының қалтасына інжу-маржан толтыру және көр адамға сүрме сыйлау ақылды адамның істейтін нәрсесі емес. Алла Тағала мұндай адамдарға «Олар жануар сияқты, тіпті одан да төмен» деп бұйырды. Әнәс бин Мәликтің хабар берген хадис-шәрифінде: «Ғалымға орынсыз тіл тигізген адамды, Алла Тағала барлық адамдардың арасында қорлап, масқара қылады. Ғалымды құрмет еткен адамды, Алла Тағала пайғамбарлар сияқты азиз (қадірлейді) етеді, абыройландырады» делінген. Бір хадис-шәрифте: «Бір адам ғалымның дауысынан жоғары дауыспен сөйлесе, Алла Тағала оны дүниеде және ахиретте қорлайды. Егер өкініп тәубе етсе кешіріледі.» Осыдан байқалатынындай шынайы ғалымдарға құрмет көрсету керек. Шумақ:

Бір тамшы судан жаратылдың, ұмытпа!

Байқа, өзіңді ғалымдармен бір тұтпа!

Тыңда, бұл жайлы не бұйырды Мұстафа:

«Мені құрметтегенің ол, құрмет етсең ғалымға!»

Адамды адасушылықтан, жаман жолдан ілім және ғалымдар құтқаратынын жақсылап біліп ал. Жол көрсетуші болмаса, тура жолға қауышу мүмкін емес. Сондықтан Әһли сүннет ғалымдарын және олардың жазған дұрыс діни кітаптарын іздеп табу керек. Мұса пайғамбар алейһиссалам, ілімнің ең жоғары дәрежесінде болса да, Алла Тағаламен сөйлесу құрметіне ие болып, Алла Тағаланың махаббат шәрбетінен ішсе де ілім алу үшін, Хызыр алейһиссаламның шәкірті болған Юша алейһиссаламға ілім іздеп келгені «Кәһф» сүресінде білдірілген. Мұса алейһиссалам мантық ілімінің ұстазы болса да Хызыр алейһиссаламнан ілім үйренуге келді. Бұхари тәпсірі, бұл туралы ұзын жазған. Олай болса ей, бауырым! Бағалы өміріңді жайбарахат өткізетіндей ілімнен және ғалымнан қымбат не таптың? Дініміздің ілімге, ғұламаларға құрмет көрсетуді және Алла Тағала жолында болғандармен бірге болуды әмір ететінін білмеймісің. Сондықтан бағалы (қадірлі) өміріңді пайдасыз нәрселермен өткізбе! Хадис шәрифте: «Дұрыс ілім иесі болған және ілімімен амал еткен бір ғалым мен пайғамбарлар арасында бір дәрежелік айырмашылық бар. Бұл бір дәреже – пайғамбарлық мақамы» деп бұйырылды. Бұл бақытқа жету үшін, ілім үйренуге талпыну қажет.

Оқиға: Имам Әбу Юсуф қазының он бес жасар ұлы бар еді. Ұлын өте қатты жақсы көретін. Ұлы кенеттен қайтыс болды. Шәкіртіне: «Жерлеу ісін сендерге қалдырдым. Мен ұстазымның сабағына бара жатырмын. Бүгінгі сабақты өткізіп алмайын» деді. Имам өмірден өткен соң бір адам оны түсінде көрді. Жаннатта зәулім сарайдың алдында тұрған еді. Сарайдың биіктігі Аршқа дейін жетіп тұрды. Бұл сарай кімдікі делінгенде, менікі деді. Бұған қалай қол жеткіздің делінгенде,  «Ілімге және ілім үйренуге және үйретуге деген махаббатымның арқасында» деп жауап берді. Ей, бауырым! Дүниеде және ахиретте азиз (қадірлі) болу үшін, ілім үйрен!

Оқиға: Бұл пақырдың ұлдарының үлкені тақуа және терең ғалым еді. Қайтыс болар кезде, әкесі төсегінің басында еді. Қайтыс болғаннан кейін үстін жапты. Медресеге барып, бір тарау хадис сабағын берді. Сосын медреседен шығып жерлеу ісін бастады. Таулардан, әр жерден келген бір дауыс: «Ұлымның ажалы келді. Қайтыс болды. Бұл іс Алла Тағаланың разылығымен болғандықтан мен де разы болдым. Басқа шара көріп тұрғам жоқ. Алла Тағаланың қазасы және әмірі осылай болды» деп жатыр еді. Хасан бин Атыйаның «радиаллаһу анһ» риуаят еткен хадис шәрифте: «Ғалымның өліміне қайғырмаған адам – мұнафық. Адамдар үшін бір ғалымның өлімінен артық бақытсыздық жоқ. Бір ғалым өлгенде көктер және көктегілер жетпіс күн жылайды» деп бұйырылды. Шынайы ғалым қайтыс болғанда дінде бір жара пайда болады, ол жара қияметке дейін жазылмайды. Тағы бір хадис шәрифте: «Бір адам не ғалым немесе ілім үйренуде болған шәкірт. Немесе бұларды жақсы көруде. Бұл үшеуінен басқасы мал қораларда ұшып жүрген шыбындар сияқты» деп бұйырылды. Осы төртінші дәрежеде болмауға тырысыңдар! Шумақ:

Адамды жаһаннамнан құтқаратын – ілім.

Ешкім тартып ала алмайтын мүлкің – ілім.

Ілімнен басқа еш нәрсега көңіл берме!

Екі дүниеде мақсатқа қауыштыратын – ілім!

«Бәлдәші фәтуаларында» былай дейді: Имам Садруш-шәһид былай дейді: «Шынайы ғұламаны мазақ еткен кісінің некесі бұзылады». Бір ғалымға ақымақ, доңыз, ешек деген адам жауапқа тартылады. Оны төмен көріп айтса кәпір болады, некесі бұзылып әйелінен ажырасқан болады. Имам Мұхаммед былай дейді: күпірге себеп болатын кез-келген сөзді айту да осылай! Ілімге және ғалымға тіл тигізген адам кәпір болады. Алла Тағала барлығымызға пайдалы ілім нәсіп етсін. Пайдасы болмағаннан сақтасын. Пайдасы болған ілім – расулулладан келетін ілім. Бұл ілімдер Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазулы.

материал «Ислам және өнеге» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.