Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұсылман мына 4 хадиспен амал етсе, оған жеткілікті болады

0 309

Әбу Дәуіттің «Сунан» атты хадис кітабында былай делінген: «Қандай да бір мұсылман Хазіреті Пайғамбардың мына төрт хадисімен амал ететін болса оған жеткілікті болады:

1) Әрбір амал тек қана ниетке байланысты (Бұхари, Бәдул-Уаһи 1: Мүслим. Ишара 155).

2) Адамның бос нәрселермен шұғылданбауы оның мұсылман екенін білдіреді (Тирмизи, зуһд II).

3) Адал да арам да белгілі. Олардың арасында күмәнді нәрселер бар (Бұхари, Иман 39: Мүслим, Мишкат 127).

4) Кімде-кім өзінің жақсы көрген нәрсесін өзге мұсылмандар үшін де жақсы көрмесе толық иман келтірген болып саналмайды (Бұхари, Иман 7: Мүслим, Иман 71-75).

5. Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді, қатайтады.

Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Әбу Һұрайраға үйреткен ха- дисі барша мұсылмандарға тән. Мұны әрбір мұсылман ер-әйел өз бойына сіңіріп, күнделікті тұрмысында қолдануы тиіс. Сондай-ақ осы хадис мұсылманның өмірлік принципінің қатарына жатады. Алла Тағала осы хадиспен амал жасауды баршамызға нәсіп етсін. (Әмин!)

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.