Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Омардың (р.а.) дүние малынан қорқып көзіне жас алуы

0 395

Хасан Басри былай дейді: «Қадисия шайқасында жеңіске жеткен мұсылмандар Омарға (р.а.) ішінде зергерлік бұйымдары да бар соғыстан түскен олжаны алып келді (оның арасында Кисраның білезіктері мен теріден жасалған киімдері де бар еді). Ол жерде шайқасқа қатысқан Сурақа ибн Малик ибн Жушум де бар еді. Оған Кисраның екі білезігі тиді. Сурақа білезіктерді қолына тағып алды. Бірақ білезіктің үлкендігі соншалық – шынтағына дейін сиып кетті. Омар (р.а.) Сурақаға мерейі тасып: «Аллаға шүкір, Кисраның екі білезігі де Мүдлижұлдарынан бәдауи Сурақа ибн Маликтің қолында», – деді.

Сонан соң «Уа, Раббым! Сенің елшің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние малына ие болса, дереу оны Сенің жолыңда жұмсайтын. Сен ең абзалын білгендіктен, оған (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние малына ие болуды нәсіп етпедің.

Уа, Раббым! Әбу Бәкір де қолына түскен мал-мүлікті Сенің сүйікті пенделеріңе таратып беретін. Оған да дүние малын нәсіп етпедің.

Уа, Раббым! Бұл мал-мүлік Омар үшін үлкен сынақ па деп қорқамын», – деді де «Негізінде, оларды дүние- мүлік және балаларымен қамдағанымызды. Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыздан деп ойлай ма? Әрине, олай емес. Олар, түсінбейді» (Мүминун, 23/55- 56) деген аятты оқыды».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.