Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өкіл имам мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

Өкіл имам мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

0 111

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа насихат айтты.

 

Өкіл имам «Құран және ғылым» тақырыбында насихат айтып, адамды екі дүние бақытына жетелейтін қасиетті кітаптың біліммен, ғылыммен біте қайнасқан тұстарына кеңінен тоқталды.

«Қасиетті Құран – адамды екі дүние бақытына жетелейтін қасиетті кітап. Ол адам баласына тура жол көрсетіп, екі дүние бақытына жетелеумен қатар, адамзатты білімге, ғылымға шақырады. Қасиетті Құранның ең алғаш түскен аяттары: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай-ақ Ол қаламмен үйретті. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйретті», – деп нәзіл болған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аяттар). Бұл аят асыл дінімізде білім алудың қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Өкіншіке орай, кейінгі кездері Құранды ғылым мен технологияға қарсы қойып, қабылдағысы келмейтіндер шыға бастады. Біле білсек, қасиетті Құран білім мен өркениетке, ғылым мен технологияға ешуақытта қарсы болмаған және қарсы болмайды да.

Қасиетті Құран керісінше Алла Тағаланың жаратқан жаратылыстары туралы ой жүгіртіп, Оның белгілерін тануға, ғылымды дамытуға шақырады. Қандай да бір адам өмірге пайда келтіретін ғылыми жаңалық ашса, өзіндік сауабын алады. Кейінгі ғасырларда ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді Құран Кәрімнің осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идіргендігі белгілі. Құран Алланың сөзі екені күмәнсіз хақ. Ал Құранда келген ғылым – Алланың құдіретін танудың айқын дәлелі» деді Ерболат Нұрылдаұлы.

Насихат соңында мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.