Алла Тағала сен кешкен, сезінген сезімдеріңді, көзіңнен аққан жасыңды сүрткеніңді, жеңіп шыққан қайғыңды ұмытпайды.
Ол сенің оған жылап тұрып қылған дұғаңды ұмытпайды. Біреудің саған қылған жамандығын қайтармай, оны жасырып жүргеніңді ұмытпайды Сынақ сәттеріндегі сабырлығыңды ұмытпайды. Молшылық уақытындағы шүкіршілігіңді ұмытпайды. Алланың осының бәрімен не істейтінін көресің.
Өмірде адам баласы әр түрлі қиыншылықтардан өтеді. Сол қиын-қыстау уақытта оның кеудесін осы дүние басқандай ауырлықты сезінеді. Бәлкім, бұл нәрсе кейде иманның әлсіздігінен емес, өмірдің қаттылығынан болар.
“Әттең, бұдан бұрын ажал құшып, біржолата ұмыт болғанымда ғой…” Осы аяттағы сөздердің иесі, Иса пайғамбардың анасы – Мәриям. Оның иман берік, Аллағадеген сенімі терең еді. Алайда оның басынан өткізген жағдайлардан кейін оған бұл дүние тарылып кеткендей болды.
Кейде өміріміздегі жағдай бізді сындырып тастайды. Сол уақыттар өтпестей көрінеді. Әлсіз және күшті болған уақытта да әрбір қиыншылықты адамгершікіпен өткіз. Екі жағдайда да Алламен бірге болсаң, Алла сенімен болар…
материал «Құран хат» кітабынан алынды,
sunna.kz