Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нағыз байлық – бүкіл дүниенің сені сатып ала алмауы

Нағыз байлық – бүкіл дүниенің сені сатып ала алмауы

0 56

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай дейді:

– Мал-дүние – жақсы. Егер оны орынды тауып, орынды жұмсаса, ол жақсылыққа себепші болады. Орынсыз тауып жүрсе, оны қанша жесе де ешқашан тоймайтын адам сияқты болып қалады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Жақсылыққа себепші болады» деген сөзіне назар аудар! Малды мақсат емес, себеп деп атады. Сонда мал-дүние мақсат болмау керек, сені жақсылыққа итермелейтін себеп қана болуы керек!

Байлық – құпталмайтын нәрсе емес. Құпталмайтын нәрсе – байлыққа сенің емес, байлықтың саған ие боп кетуі. Мал-дүние – айып емес. Айыпты нәрсе – дүние сенің соңыңнан емес, сен дүниенің соңынан түсіп кетуің. Әбу Бәкір, Осман, Абдурахман ибн Ауф өте ауқатты адамдар еді. Бірақ мал-дүниесі қолында еді, жүрегінде емес!

Дүние – үлкен мұхит сияқты. Адам – кеме. Су кеменің ішіне кірсе батып кетеді. Ал кеме судың үстінде қалықтаса, тек алға жүзеді. Нағыз байлық – мал-дүниең болып, бүкіл нәрсені сатып алу емес, бүкіл дүниенің жиналып келіп, сені сатып ала алмауы!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.