Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғасымен сырқат кісілердің сауығып кетуі

0 492

Али (р.а.) былай дейді: «Қатты сырқаттанып жатқан болатынмын. Жаныма дерт батып, қиналған соң: «Ей, Аллам! Егер ажалым жеткен болса мені қасыңа тезірек ал. Ал көрер жарығым таусылмаса, мені бұл сырқаттан айықтыра гөр. Егер бұл өзіңнің бір сынағың болса, онда маған сабыр бере гөр», – деп дұға тіледім.

Аузымнан осы сөздердің шығуы мұң екен, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасыма жетіп келді де:

– Сен не айттың, – деді. Мен әлгі айтқандарымды қайталадым. Мені аяғымен жайлап қана түртіп:

– Аллам! Мынаған шипа бере гөр, – деп дұға етті. Сол күннен бері басым ауырып, балтырым сыздаған емес».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.