Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамды көзінше мақтау орынсыз

0 623

Әбу Бәкір (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құзырында бір адам жайлы сөз болғанда отырғандардың бірі әлгі адамды мақтай жөнелді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған бірнеше рет: «Әй байғұс-ау, бауырыңның желкесін үздің ғой!» – деді де егер біреуді міндетті түрде мақтауларың керек болса, әрі ол жайлы шынымен жақсы пікірде болсаңдар, «мен ол жайлы былай ойлаймын» деп айтыңдар. Нәтижеде, Алла Тағала мақтаушыны мақтауының орынды болып, болмағанына қатысты есепке тартады, сондықтан (құлдарының жасырын-жария барлық істерін білетін) Алланың алдында ешкімді ақтап, пәктеуге болмайды»,302– деп айтты», – деген (Бұхари, шәһәдат 16; Муслим, зүһд 65) .

Өйткені, біз бір адамды қанша жерден мақтасақ та, оның мақтауға қаншалықты лайық екені жалғыз Аллаға ғана мәлім.

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.