Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әйелдер жамағатына мәйітті жуу, кебіндеу рәсімі түсіндірілді

0 580

Өмір бар жерде өлім бар. Шынында, өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының соңы болып табылады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игіліктеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады. Тозақтың беті әрі болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа жеткендерің. Дүние деген – опасыз тіршіліктің алдамшы қызығы», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят).

Осыған орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатына арналған практикалық сабақ өткізілді. Мешіт ұстазы Айгүл Көксегенқызы мәйітті кебендеу, жуу, орау рәсімдерін практикалық түрде көрсетіп, жеке-жеке тоқталып мәнісін түсіндіріп өтті. Өмір мен өлімнің мәні, ысырапшылдық турасында насихат айтып, шариғатқа сай кебінді пішу, әсіресе әйел адамның кебін киімдері, оның атаулары мен өлшемі тұрғысында түсіндіріп, мүрдені кебіндеудің ретін баяндады. Сабақ соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.