Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғайбат пен сөз тасу бір ме әлде бөлек пе?

0 484

Нәуәуи былай дейді: «Бұл тыйымдардың барлығы да айтылған сөзде шариғи пайда болмаған жағдайда күшінде. Кері жағдайда мұстахаб яки уәжіп. Оны былай түсіндірсек болады: «Бір адам бір кісінің басқа бір кісіге кесірін тигізеріне көзі жетсе, ол адамға ескертіп, басына түсуі мүмкін жамандықтан қорғауы керек. Сондай-ақ, бір адам имамды немесе жауапкершілігі болған адамды орнына қалдыратын орынбасардың іс-әрекеті жайлы хабардар болса, бұған тыйым салынбайды». Сонымен Ғазали былай деген: «Сөз тасушы, негізінде, сөз қозғалған адамға сөз тасу. Мәселен, «пәленше сен жайлы былай деді» дегені секілді. Алайда «сөз тасушы» дегенде тек бұл көзделмейді. Жалпы мағынадағы қолданысы да бар. Қалыпты түрде айтқанда, ашық айтылғанын қаламайтын, аталмыш адамның өзіне ұнамайтын барлық нәрсені басқаға айту сөз тасуға жатады. Өзіне ұнамайтын дегенде өзінен жеткізгенді ұнатпау мен өзіне жеткізуді ұнатпау. Бұның қай-қайсысы болмасын сөз тасуға жатады. Сондай-ақ сөзбен айтылса да, ым-ишарамен білдірілсе де сөз тасудың аясына кіріп кетеді. Мәселен, бір адамның мал-мүлкін жасырғанын көрген адам бұны жарияласа да сөз тасуға жатады. Яғни, сөз тасу – жария болғанын қаламайтын нәрсені жариялау».

Ғайбат пен сөз тасу бір ме әлде бөлек пе? Бұл мәселеге қатысты ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Бірақ «екеуі екі бөлек» деген көзқарас басым түскен. Яғни сөз тасу – бір адамның жағдайын басқа бір адамға жаман ой тудыратын мазмұнда разылығынсыз жеткізу. Бұлай жеткізуден ол адамның хабардар болып-болмауы маңызды емес. Оның разылығынсыз болса ғана сөз тасудың санатына жатады. Ал ғайбат ол жоқ кезде өзі естіген жағдайда ренжитін сөздер айту. Сөз тасу – бұзу мақсатын көздейді. Ал ғайбатта ондай мақсаттың болуы шарт емес. Ғайбат – айтылған адам жоқ кезде болады. Бұл сипаттарды есептемегенде ғайбат пен сөз тасу ортақ. Кейбір ғалымдар ғайбат болу үшін аталмыш адамның айтылған жерде болмауын шарт етеді».

Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларының қайсыбірі жайлы өзі ұнатпайтын сөз, әрекет т.б. жайлы жақсы ойына кері әсерін тигізетіндей шағымның болмауын талап еткен. Себебін де түсіндірген.

«Үйден барлығына жақсы сезіммен шығып, олармен сондай сезіммен кездескім келеді» деген нұсқауды кейбір ғалымдар былай түсінген: «Мен дүниеден барлығына қарсы жақсы сезіммен кетіп, қиямет күні осы сезіммен оларды қарсы алғым келеді». Яғни сахабаларының ешбіріне қарсы ішінде бір ашу, бір реніш болмай дүниеден өтуді қалайтынын айтады.

материал  «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.