Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Жетісу» телеарнасының «Бүгінгі дін» бағдарламасына арнайы сұхбат берді.
Бас мүфти бағдарлама жүргізушісі, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлымен мүфтияттың қазіргі тынысы мен діни оңалту бағытында атқарып жатқан ауқымды істері, сондай-ақ мүбәрак Мәуліт айы жөнінде әңгіме өрбітті.
Айта кетейік, бұл телехабар – Нұр-Мүбарак университеті мен Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы, Алматы облысы Дін істер басқармасы және «Жетісу» телеарнасы бірлескен ортақ медиажоба. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сұхбаты алдағы күндері «Жетісу» арнасы арқылы көрермен назарына ұсынылады.