Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордада қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті

0 1  312

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар-тренинг болып өтті. Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында Бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алқалы жиынға ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС директоры Әнуар Ізімбайұлы, Нұр-Сұлтан әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Әділет Төлеутайұлы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Әшім Әбілқадырұлы сынды жауапты мамандар шақырылып, семинарға қатысушы 30-дан астам қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп,  айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген. Бұған қоса, бұл жерлерде діни рәсімдер атқаруға Елордамыздағы 30-дан астам діни қызметкер бекітілген.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.