Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамның жасына байланысты берілген атаулар

Адамның жасына байланысты берілген атаулар

0 74

Халқымыз көнеден бері адам жасына байланысты түрлі атаулар берген. Отбасы тәрбиесінде және қоғам өмірінде сол жас ерекшеліктері бойынша аталып, ақыл-кеңес беріліп отырған. Қала берсе, өлең-жырларға да қосқан. Әрине, мұндай жас ерекшеліктердің атауы әр ұлтта бар дәстүр. Бірақ қазақ халқының бұл атаудағы дәстүрі ерекше екені анық. Халқымызда әрбір шаққа қатысты төмендегідей атаулар берілгенін атап өтейік:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте:

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе/ұл бала-бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған

6 жастан 7 жасқа дейін – сәби

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы

60 пен 70 жас аралығы – ел ағасы

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал

80 жастан жоғары – қарт, қария

Мүшел жас:

мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2 – мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату)

4 – мүшел – 49 жас (орта жас)

5 – мүшел – 61 жас (орта жас)

6 – мүшел – 73 жас (қарттық)

7 – мүшел – 85 жас (кәрілік)

8 – мүшел – 97 жас (қалжырау)

9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10 – мүшел – 121 жас (немене сүю)

Кейбір жас ерекшеліктері:

10 жасқа дейін – «қозы жасы» деп қозы-лақ бақтырған

10 мен 20 жас аралығын – «қой жасы» деп қой, ешкі бақтырған

20 мен 30 жас аралығын – «жылқы жасы» деп жылқы бақтырған

30 жас – орда бұзар 40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар

50 жас – ел ағасы, ердің жасы

60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс

70 жас – жетпістің белесі

80 жас – сексеннің сеңгірі.

Жоғарыда аталған жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылған атаулар діни сенім мен қағидаларға қайшы болмағандықтан, бабаларымыз өз тұрмыс-тіршіліктерінде дәстүр ретінде сақтады.

материал «Дін мен дәстүр кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.