Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ата-анаға құрмет айлығы» аясында кезекті іс-шара өтті

0 203

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Ата-анаға құрмет айлығы» аясында кезекті апталық дастархан жайылды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында мешітімізде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру ақсатында іс-шаралар жалғасып жатыр. Солардың бірі болған апталық дастахан – әрбір құндылықты насихаттаудың алаңы іспетті.

Мешіттің наиб имамы Рахматулла Оразұлы жиналған қауымға «Ата-анаға құрмет» тақырыбын тарқатып айтып берді. Наиб имам дініміздегі ата-ананың орыны, оларға құрмет көрсету мәселесі, бүгінгі жас буынның ескермей жүрген тұстары жайында көкейінде жүрген ойларымен бөлісіп, аталмыш құлшылық есебіндегі құндылықты кеңінен толғап баяндап берді.

Жиылған жамағат сауапқа толы басқосуды ұмымдастырған мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.