Майдан даласынан шегінгендеріне 34 жыл толуына орай, елордамызда тұратын бір топ ауған соғысының ардагерлері «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне келді.
Ардагерлерді қарсы алған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов қан майданда қаза тапқан жауынгер аталар рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Алладан еліміз бен жеріміздің, атпал азаматтардың амандығын сұрады.
Бір нанды бөліп жеген майдандастарын қашан да естерінде сақтап, енді ондай қасіреттің қайталанбауын сұраған ардагерлеріміз мешіт ұжымына алғыс білдіріп, ақ батасын берді.