Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пәтуа беру мен діни сараптама туралы семинар өтті

0 558

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде кітаптарды діни сараптамадан өткізу қағидалары жөнінде және пәтуа берудің маңыздылығы туралы Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, жиынның мақсатын атап өтті. Кейін ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, ғылым докторы Қайырбеков Нұрлан Евфратұлы Ханафи мәзһабының еңбектерімен, «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітапар және ҚМДБ Сараптау комиссиясынан өткен, яғни рұқсат етілген және рұқсат етілмеген кітаптармен таныстырды.

Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман Тамирлан Дарханұлы пәтуа берудің маңыздылығы туралы айтып, жиынды қорытындылады.

Жиын соңында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, қатысушыларға таратылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.