Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мисуактің пайдасы

0 681

Қазіргі медицина тістің саулығы үшін жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні мұнан 14 ғасыр бұрын үйреткен.

Тістің тазалығына өте пайдалы мисуак – ең қарапайым әрі ең тиімді тазалағыш. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану аса пайдалы.

«Larousse illustre Medical» атты медициналық кітапта:

«Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістерге зиянды. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тістерді қанатса да одан қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады» деп жазылады.

Тіс пасталары ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микроптарды өлтіреді. Ал, мисуак тек зиянды микроптарды ғана өлтіреді. Мисуак – дәреттің сүннеті. Ал, Шафий мәзһабында намаздың сүннеті.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық» (И. Нәжжар).

«Егер үмметіме қиындық туындамасын дегенімде әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім» (Бұхари, Мүсілім).

«Ауыздарың Құран әуезі шығатын жол, мисуакпен тазалаңдар» (Әбу Нуайм).

«Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұялшақтық, момындық, қан алдыру, мисуак және хош иіс» (Табарани).

«Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады» (И. Адий, Хатиб).

«Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады. Тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартып, оның құрттауының алдын алады. Ас қортуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді. Жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Алла Тағаланы разы етеді, періштелерді қуантады» (Әбу Нуайм).

Мисуактің отыздан астам пайдасы бар. Ең төмені қиыншылықтарды кетірдеі, ең жоғарысы өлім алдында шаһадат кәлимасын айтуды еске салады.

Мисуакпен барлық тістің іші, сыртын, үсті мен астын ең кемі үш қайтара үйкелеп ысқылау қажет. Оны оң қолмен ,нақтырақ айқанда, кіші саусақ және басбармақпен мисуактің астынан, ал ортаңғы үш саусақпен үстінен ұстаған абзал.

Мұхамеджан Естеміров

«Иман» журналы

2015 жыл №7 сан.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.