Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітімізде Мәуліт оқылды

0 495

Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) туған айына орай мәуліт оқыту –ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрімізге айналған діни құндылықтардың бірі.

Бұл ізгі амал бүгінде жалғасын табуда.  Ел мешіттерінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!)  құрметіне Мәуліт жырын оқу, түрлі игі іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Сондай игі шараның бірі бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өтті.

Шара басталмас бұрын «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы мәуліт мерекесі туралы шағын танымдық уағыз-насихат айтты. Соңғы Пайғамбардың Мұхаммед (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) өнегелі өмір жолын тілге тиек етті.

Мәуліт жырын Ниазов Ержан, Хадиршаев Салман, Әбжанов Әбдіәлі қатарлы білікті дін қызметкерлері оқыды. Сондай-ақ имамдар мен жұма намазына жиналған мешіт жамағаты бірігіп әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.

Ізгі шара жұма намазынан кейінгі спорттық шараға ұласты. Сонымен бірге, ата дәстүрге сай мәуліт дастарханы жайылып, көпшілікке қайырымдылық ас таратылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.