Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты

0 355

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабекұлына жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Бас мүфти мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Айта кетсек, Көкшетау қаласындағы 200 адамға арналған құлшылық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.