Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

М. Мағауин: Жаман адам ешқашан жақсы жазушы бола алмайды

0 703

Қазақтың қасиетін тану Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу – Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай – қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі – хақымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар.

*****                    *****                    *****

Әлбетте, кез келген елде, қандай жағдайда болмасын, сол ұлысты мекендеп отырған жұрттар арасында татулық болуы керек. Бірақ, бұл татулық жергілікті, байырғы ұлттық жалпыға ортақ құл болуы арқылы жүзеге асуы – ақылға сыймайтын жағдай.

*****                    *****                    *****

Жақсы адам жаман жазушы болуы мүмкін, бірақ жаман адам ешқашан жақсы жазушы бола алмайды.

*****                    *****                    *****

Бұл тәуелсіздік – бабаларымыздың соңғы екі жарым мың жыл бойы төгілген қанының төлеуі болатын, аталарымыздың соңғы жүз елу жыл бойы езілген жүрегінің лүпілі, жаншылған намысының серпіні, қапаста үзілген өмірінің қарымтасы болатын, құрсақта жатқан, жаңа ғана кіндігі кесілген, қаз тұрған, ендігі жылы, ендігі ғасыр, одан соңғы замандарда дүниеге келетін сәбилердің көз жасы болатын.

*****                    *****                    *****

Көп әрі сапалы жазу үшін, тым көп болмаса да біршама молға жету үшін осы мақсатта ғана жұмсалатын ұлан-ғайыр уақытың болуы керек. Өнер жолындағы адам үшін ең қат нәрсе – осы уақыт. Жиырма төрт сағат – жыл он екі ай бос болсаңыз да уақыт тапшылық етеді.

*****                    *****                    *****

Халықтың үлкендігі хан көтерген тұлғаларымен өлшенеді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.