Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сарыағаш» медресе-колледжі жанынан қыздар жатақханасы ашылды

0 494

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш» медресе-колледжі жанынан Жамал апа атындағы қыздар жатақханасы ашылды. Арнайы жұмыс сапарымен барған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жатақхананың ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөзін арнады.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім іздену – әрбір ер және әйел мұсылманға парыз», – деген екен. Еліміздің әр қиырынан келген қаракөз қарындастарымыз осында шариғат шартын үйреніп, Құран жаттауда. Сіздер үшін де сіздерге қызмет етіп жатқан ұстаздар үшін де үлкен сауап. Алла Тағала берекесінен айырмасын. Сіздер оқысын, үйренсін, ілім алсын деп, міне, осындай ғажап үлгіде жатақхана салынды.

Алдағы уақытта білімдеріңізді жалғастырамын десеңіздер Нұр-Мүбарак университеті бар. Қазір шетел аспай-ақ керек білімді өз елімізде алуға толық мүмкіндік жасалған. Аллаға шүкір! Тек қана алға ұмтылып, білімді игере берейік. Алла Тағала зейіндеріңізді ашып, алған білімдеріңізге амал етуді нәсіп етсін. Бастамашыл болып жүрген Әбдіжаппар ұстаз бастаған ұжымға ризашылығымды білдіремін» деді Бас мүфти.

Қыздар жатақханасының салтанатты ашылуына қатысқан Әбдіжаппар Шәкірұлы да өз кезегінде рақметін айтып, атсалысқан азаматтарға ақжарма ниетін жеткізді. Кейін қонақтар 3800 ш.м аумақты алып жатқан жатақхананы аралап, толық танысты. Мұнда қыздарға арналған 64 бөлме, жалпы сыйымдылығы 500 адамдық асхана бар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.