Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі

0 650

Ұлт ұстазының бүгінгі қазаққа керек тіл,  ұлт болашағы, білім саласы мен дін мәселесіне қатысты ой орамдарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Халықтың түзелуінің кілті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.

***** ***** *****
Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі.

***** ***** *****
Жұртқа тәртіпті мектеп керек.
Мектепке сайлы мұғалімдер керек.

***** ***** *****
Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болуы керек.

***** ***** *****
Асыл тіл, түзу емле қазақта – болуға тиіс. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келк жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, тілін бұзбаған, арасына жат жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ.

***** ***** *****
Хат мәдениеті бар халыққа: бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек…

***** ***** *****
Әліп-би түзету, емле түзеу жағынан соңғы кездеістелген істер жемісті болып, бұ жағынан біз Еуропа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз.

***** ***** *****
Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті сауықтарына дейін күнә деп, тиғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанға қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған.

***** ***** *****
Амалыңды түзет, түзелмесең, ешкімге кінә қойма! Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе?

***** ***** *****

Қысылған жерде қарасу, қиналған жерде болысу – адамшылықтың, мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі.

Ахмет Байтұрсынұлы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.