Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа

0 38

Бір мұсылман бақсыға қарап: – Исламды қабылдайтын уақыт жеткен жоқ па? – деп сұрапты. Ал ол болса:

– Құдай қалаған уақытта қабылдаймын. Алдымен хақиқатты ажыратып үйренейін, – дейді.

 – Сені Тәңірім жамандықтан құтқарғысы келеді. Жан дүниеңді сайтан билеп алған. Әй, байғұс, залым нәпсінің надандығы мен зұлымдығының қапасынан құтыла алмай жүргеніңді білесің бе? – дейді. Сонда бақсы:

– Әлсіз болғаннан кейін амалсыз күші мықтыға бағынамын. Күштімен күресу қайда? Ондайларға бірден берілемін. Егер Тәңірсі мені құтқарып алғысы келсе, неге ол жан дүниемді түгел билеп алмайды? – депті.

Әй, дәруіш, ықылассыз адамға уағыз айтпа! Ықылассыз адамның сылтауы қойнында болады, надандығын сақтау ойында болады.

материал Мәулана Румидың «Піл туралы талас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.