Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти митрополит Александрмен кездесті

0 378

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесуде дін басшылары елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі де тілге тиек етілді.

«Бүгінде халықты ізгілік пен бірлікке, адамгершілік пен жақсылыққа шақыру маңызды істің біріне айналды. Бұл бағытта дін өкілдері де үлкен іс-шараларды жүзеге асыруда. Өйткені қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына үлес қосу – баршамыздың асыл борышымыз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде митрополит Александр Республикалық бас мешіттің айрықша сәулетіне таңданысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтын ұдайы қарап, еліміздегі Ислам дініне қатысты жаңалықтардан хабардар болып отыратынын жеткізді.

Сұхбат соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мешітке қонақ болып келген митрополит Александрға ризашылық білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.