Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ТҮРКІСТАНДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

0 1  745
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Ислам және ұлы дала өркениеті» тақырып аясында республикалық конференция басталды, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Түркістан төріндегі алқалы жиын қасиетті Құран аятымен ашылды.

Конференцияға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Əліпбек Өсербаев,  Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, облыстық мəслихат депутаты Əбілқасым Досболов, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Əбуов, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысуда.

Əліпбек Өсербаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың құттықтау сөзін жеткізсе, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақ халқының дəстүрімен сабақтас орта азиялық діни мектептің рөлін арттыру мәселесін сөз етті.

Кез келген халықтың мәдениеті, өмір-салты, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесінде діннің алар орны ерекше. Сол діннің негізінде қалыптасқан діни түсініктің маңызы жоғары. Халқымыздың діни санасының қалыптасуында Ислам дінінің, оның ішінде суниттік ханафи мәзһабының рөлі үлкен“, – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.