Иә, Алла, барлық іс Сенің қолыңда… Жаратылыс та, тағдыр да – бәрі Сенің иелігінде… Бізде тек Сенің қолдауыңнан басқа күш те, қуат та жоқ…
Уа, Алла, Саған үмітпен қарап, жеңілдік күткен құлдарың бар, оларға қуанышты хабар бер… Шипа тілеген құлдарың бар, оларға шипа сыйла… Мейіріміңді сұраған құлдарың бар, оларға рақымыңа бөле…
Иә, Алла, жеңілдігіңді бер… Иә, Алла, қиындықтан құтқар…
Иә, Алла, барлық шаршау мен ауыртпалықтан демалыс сыйла…
Бұл дүние – мәңгілік тұрақ емес, тек өткінші бір мекен. Бұл еңбек пен амал етуге арналған орын, жалқаулық пен еріншектікке емес. Бұл дүние өмірі өткінші, ал ақырет – мәңгілік. Сондықтан, мәңгілік ақыретің үшін осы дүниеде дайындық жаса. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ақырет мекені тақуа адамдар үшін әлдеқайда жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» («Юсуф» сүресі 12:109)
Риза болу дегеніміз не? Бұл – өмірде тыныш, сенімді жүріп, әрбір тағдырда жасырынған даналықты көру. Ішкі жан дүниеңде байлықты сезініп, өзіңе тек Алла жазған нәрсені ғана ала алатыныңа сену. Әр күнді шүкіршілікпен қарсы алып, әрбір сәттің қадірін білу. Ризашылық жүрегіңе орнықса, өмірдегі шынайы бақыттың үлкенbүлесін иеленесің.
Сендерге риза көңіл мен бақыт тілеймін.bҚиын күндердің ауыртпалығын дұға арқылы жеңеміз…Уа, Раббым, бізге жәрдем ет…
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz