Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бейнеттеніп, ризық іздеу – масқаралық емес

Бейнеттеніп, ризық іздеу – масқаралық емес

0 50

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай дейді:

 

– Алла жіберген пайғамбардың бәрі қой баққан.

– Сіз де ма, уа, Алла Елшісі? – деп сұрайды сахабалар.

– Әрине, жас кезімде меккеліктердің қойын ақыға бағатын едім, – дейді пайғамбарымыз (с.ғ.с).  Ал бірде: «Зәкәрия пайғамбар ағаш ұстасы еді», – деді.

Бейнеттеніп, мехнаттанып ризық іздеу – масқаралық емес. Қандай жағдай болмасын, наныңды адалынан тап; қандай жұмыс орны болмасын, адалынан табылған ризыққа Аллаға шүкір ете отырып, еңсеңді тік көтеріп жүр! Ең үлкен айып – бетіңді жалтыратып тапқан асыңның жүрегіңе дақ басып, арам болуы.

Адалдан тауып жүрсің ба, ұялма! Таза, ыңғайлы офисте отыратындар – дұрыс, адалынан табады; арба сүйреп, қара жұмыс істейтіндер – бұрыс, арамнан табады деген түсінік жоқ. Жұмыс таза не ластығымен, дәрежесінің жоғары не төмендігімен емес, істейтін ісің мен кірісіңнің адал не арамдығымен өлшенеді. Атаңның да жұмысы қарапайым емес пе (еді)? Соны есіңе ал да, сені кішкентайыңда адалмен тамақтандырған сол қолдан күнде жұмысқа шығар алдында бата ал! Жаман болмайсың…

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.