Бидғаттарды жақтаушылардың кез келгені Сүннетке деген ұнатпаушылық сезінеді.
Бақия былай деп баяндайтын: ”Бірде әл-Аузағи маған: «Уа, Абу Мухаммад, сен өз Пайғамбарының Сүннетін жек көрушілер туралы не айтасың?», – деді. Мен: «Олар жаман қауым», – деп жауап бердім. Ол осыған: «Сен бидғатты жақтаушылардың кез келгеніне Алланың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның бидғатына қайшы келетін нәрсені жеткізсең, ол осы хадисті жек көре бастайды», – деді”. (Әл-Бағдади «Шараф асхабуль-хадис» 1/73).
Әрі егер адамдар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін жаман көрсе, онда мұндай қауымды күмәнсіз құрыған деп айтуға болады.
Бидғат Исламды бұзып-қиратудың жолы болып табылады, өйткені ол Исламның негіздеріне немесе оның жалпы ұғымдарына немесе оның қандай да бір бөліктеріне қайшы келеді. Әрі сондықтан да осының барлығы Исламға кірсе, одан еш нәрсе қалмайды.
Алла Тағаланың мына сөздеріне назар бұрыңыздар: «Әй, иман келтіргендер! Егер сендер Кітап иелерінің кейбіреулеріне бағынсаңдар, олар сендерді иман келтіргендеріңнен кейін кәпірлергеь айналдырады»». Кітап иелері бидғаттың ең жаман түрлерін жасағандықтары жалпыға мәлім. Олар Үштіктің (Троица) бидғатын, Алладан түсірілген кейбір Кітаптарға иман келтіріп, басқаларына иман келтірмеу бидғатын ойлап тапты.
Яхудилердің, Алла оларды лағынеттесін, Алланы кедейлікпен және шаршауменсипаттап, Оның есімдері мен сипаттарында жасаған бидғаты жан түршігерлік. Ибраһим бин Майсара былай дейтін: «Кім бидғаттың жақтаушысына құрмет көрсетсе, сол Исламның бұзылып-қиратылуына көмектескені». (Әл-Ләләкаи «Иғтиқад Әһлю-Сунна» 1/139).
материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,
sunna.kz