Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғибадатта адамдарды қинауға болмайды

Ғибадатта адамдарды қинауға болмайды

0 123

Бірде Муаз ибн Жәбәл адамдармен имамдыққа шығып намаз оқиды. Намазды созып жібергеннен жалығып кеткен бір жігіт бөлек шығып, өзі намаз оқиды.

– Бұл – мұнафықтық. Пайғамбарымызға айтамын! – дейді Муаз оған.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп болған жайтты айтып береді.

Пайғамбар (с.ғ.с) әлгі жігітті шақырып жөн сұрағанда:

– Уа, Алла Елшісі! Намазды созып жіберді ғой, – дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Муазға қарап:

– Бүлікшісің бе, Муаз? – дейді қызуланып.

Ғибадатта адамдарды қинауға болмайды. Хұтбаның ұзақ оқылуы, намаздың ұзаққа созылуы адамдарды шаршатып, ғибадаттан жерітіп, ниетін қашырып жібереді. Намазда имамдыққа шықтың ба, өзің жеке қалай оқисың солай оқы. Шығып алып созудың, қырағатыңды көрсетіп мақтанудың қажеті жоқ. Не істесең де Алла үшін, адамдардың игілігі үшін істе!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.