Имам Әбу Хазим дүниені қолда ұстамаған, өте “зәһид” (аскет) ғалымдардан болған.
Аскет деген сөз – кедей болды деген сөз емес. (Кедейлікті араб тілінде – “әл-фақр” дейді. “әл-Фәқр” сөзінің негізгі мағыналарының бірі – мұқтаж болу деген мағына). Олардың түсінігіндегі кедейлік – Аллаға ғана мұқтаж болу.
Олардың түсінігіндегі байлық – адамдарға қол жаймау. Нағыз байлық – тек Аллаға ғана қол жаю. Егер олардың мына дүниедегі бір арманы орындалмаса: “Сені жәннатта кездестіремін” дейтін еді.
Бірде Әбу Хазим (рахимаһулла) базарда келе жатып, бір алмаға көзі түседі. Оны алуға жағдайы болмай, оған сабыр етіп: «Сен – жәннатта уәде етілдің» деп айтып, өз жолымен жүре берді. Байлықтың негізгі кілтінің бірі – сабыр. (Хилятул әулиә)
материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,
sunna.kz