Бабалар ұстанған сара жолды жалғастыру біздің басты міндетіміз. Ардақты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдында жаман», – деген.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесіне амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Ислам және дәстүр құндылықтары дәріптелді.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткізілген ізгі шарада жамағатқа ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік барын «Тұсау кесер» салтын жасай отырып, көрсете білді.
Сондай-ақ, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Бекзат Ақжігітов жиылған жамағатқа халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының түп тамыры, тәрбие маңыздылығы, отбасы құндылықтары тақырыбында насихат айтты.
sunna.kz