Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өздері жария етпесе, барлық үмметім кешіріледі

Өздері жария етпесе, барлық үмметім кешіріледі

0 94

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай деді:

– Өздері жария етпесе, барлық үмметім кешіріледі!

Біреу бір күнәға ұрынып, Алла оны жасырып тұрғанда басқаларға «мен сүйттім, мен бүйттім» деп айтып отыруы – үлкен жындылық.
Барлығымыз – күнәһармыз. Бірақ оны жасыру мен айтып мақтанудың айырмашылығы бар.

Алла – Сәттар! Жасырушы деген сипаты бар. Алла жапқан, жасырған қателігіңді өзің ашпа!
Сол үшін Алла тәубені Өзі мен құлы арасындағы мәміле ретінде жаратқан.

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қияметте болатын оқиғалар жайлы айтып отырып былай дейді: «Қиямет қайым болғанда Алланың құзырына бір кісіні алып келеді. Алла одан:

– Мен берген дүниені не істедің? – деп сұрайды.

– Раббым маған мал бердің. Адамдармен сауда жасадым. Қиналғанды кешіріп, қысылғанды кейінге қалдырдым, – дейді ол.

Сонда Алла Тағала:

– Мен сенен гөрі солай жасауға – лайықтымын! Құлымды кешірдім! – дейді».

Кең бол. Кеңшілігіңді ұмытпайтын Алланың бар екенін ұмытпа! Алла кеңшілікті ұнатады.
Досыңды сыйла, көрші-қолаңды құрметте! Бауырыңның жанашырлығын, әйеліңнің қамқорлығын сезіне біл де, сен де жанашыр, қамқор бол!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.