Жақсы өмір – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы
Жақсы өмір – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы
«Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер істесе, Біз оған міндетті түрде кіршіксіз әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ, оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып сөзсіз сый-сыяпатқа бөлейміз» («Нәхл» сүресі, 97-аят).
Жақсы өмір дегеніміз – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы. Бұл – әдемі сөз. Алайда аяттың алып қосары бар:
Жақсы өмір дегеніміз – ауырып-сырқаттанбау, кедей болып қалмау емес, атақ, мансаптың иесі болу да емес.
Жақсы өмір – ол қандай болса да Алланың жазған тағдырына разы болу.
Алланың тағдырына наразылық білдіру – қиыншылық, шаршау, машақат. Қашан Алла адамға
тағдырына деген разылық сыйлайтын болса, адам молшылық пен таршылықта да шүкірлік етіп, керемет өмір кешетін болады.
материал «Құран хат» кітабынан алынды,
sunna.kz