Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін адамдарға кеңшілік, жеңілдік қарастырады

Дін адамдарға кеңшілік, жеңілдік қарастырады

0 67

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мінберде адамдарға уағыз айтып тұрғанда күн астында тұрған бір кісіні байқап қалады.

Себебі жайлы сұрағанда:

– Әбу Исраил! Күн астында тұруға, отырмауға, сөйлемеуге, ораза ұстауға нәзір еткен, – дейді.

– Оған айтыңдар: сөйлесін, көлеңкеде тұрсын, отырсын, оразасын жалғастыра берсін! – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Дін адамдарды ешқашан қинамайды. Оларға кеңшілік, жеңілдік қарастырады. Бірақ адамдар нәзір деп елде жоқ нәрселерді өзіне міндеттеп алады. Біреу жуынбауға, біреу шашын алмауға нәзір етеді. Бұндай нәзірлердің Әбу Исраилдың нәзірі сияқты еш пайдасы жоқ.

Машақат, өзімізді қинау дұрыс болғанда, Алла ауырғанда ауыз ашыңдар, жолға шықсаң намазыңды қысқарт демес еді. Нәзір еткің келсе, сүннет оразаға, міндет садақаға, құрбандық шалып міскіндерді тойдыруға нәзір ет!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.