Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына Алла Тағаланың былай дегенін айтады: «Менің жаратылыстарым сияқты нәрсе жаратам деген біреуден артық залым бар ма?».
Алланың жаратылыстарындай нәрсе жаратам деу – күпірлік. Адам ешқашан ондай нәрсе жасай алмайды. Алланың берген қабілетін, талантын, дарынын көрсету керек. Көрсетпеген Алланың өзіне бергенін жасырған болады да, қияметте жауапқа алынады.
Мүсінші не нәрсе жасаса да, суретші не нәрсе салса да жүрегінде «Алланың қалауымен», «Алланың жаратқаны – бұдан да артық», «Алла Шебер» деген түсінік, сенім болуы керек. Мәселе қағаз-қаламда немесе бояу мен суретте емес, мәселе – ішкі ниетте.
Абай да: «Жаратушының Саниғ (Жасаушы) деген сипаты бар. Сенде сол сипатпен сипатталып Саниғ (Жасаушы) бол. Ол жоқтан бар етсе, сен бардан бар жаса!», – дейді.
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz