Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Құран – екі дүние бақытының кілті» рухани Құран кеші өтті (фото)

«Құран – екі дүние бақытының кілті» рухани Құран кеші өтті (фото)

0 141

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағатына «Құран – екі дүние бақытының кілті» деген атаумен Құран дәрістерінің бастауыш топтары арасында рухани Құран кеші өтті .

Рухани кеш әдеттегідей Құран аяттарын оқумен басталды. Мешіт ұстазы Ерасыл Жайыров шараға арнайы қатысып, бастауыш топтарға сәттілік тіледі. «Көктал» мешітінің ұстазы Мұхлиса Утегенова қатысып, әйел жамағатына Құран оқудың маңыздылығы жайында көркем насихат айтты.

Шәкірттер Құран жайлы аят хадистерден мысал келтіріп, әсерлі қойылым қойды. Сондай-ақ, әйел жамағаты арасында сұрақ жауап ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаз атанған жандарға сый-сияпат табысталды. табысталды. Ізгі шара соңында жиылған жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастарқан жайылды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.