Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти денсаулық сақтау министрімен кездесті

Бас мүфти денсаулық сақтау министрімен кездесті

0 58

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесті.

 

Басқосуда вакцинациялау және ағза донорлығы мәселелері сөз болды. Кездесу барысында министр вакцинациялау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы адам өмірін сақтап қалудың маңызына тоқталып, Діни басқарманың Ғұламалар кеңесі қабылдаған бірқатар пәтуалар адам денсаулығы мен өміріне қатысты жазылғанын тілге тиек етті.

Тараптар осы бағытта ынтымақтастықты күшейтудің маңызын талқылап, ортақ жұмыстарды атқаруға уағдаласты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.