Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әрбір демің Аллаға жақындау үшін жасалған амалдарға кетсін

Әрбір демің Аллаға жақындау үшін жасалған амалдарға кетсін

0 66

Ибн Қудәмә әл-Мақдиси әл-Ханбали – Ханбали мәзһабының фиқһы жазылған «әл-Муғни» еңбегінің авторы. Һижри жыл санауы бойынша 620 жылы дүние салған. Өсиеттерінің алғашқы бөлімінде мынадай сөзді айтқан:

«Бауырым, Алла сені рақымына алсын! Құнды уақытыңның қадірін біл! Уақытыңа сақтықпен қара! Өміріңнің шектеулі екенін естен шығарма! Әрбір тыныс алар демің де өлшеулі. Тыныс алған сайын өміріңнің бір бөлігі кетуде. Өмір тым қысқа. Қалған ғұмырымыз да өте аз. Өміріңнің әрбір бөлігі – теңдесі жоқ гауһар. Мына қысқа ғана өмір бізді мәңгілік бақытқа не азапқа душар еткізеді. Мәңгілік бақытқа немесе мәңгілік азапқа душар болған кезде бұл дүниедегі әрбір алған тынысыңның ақыреттегі мың жылдан да көп уақытқа сәйкес келетінін білесің. Ғұмырыңның асыл кезін еш амалсыз тастап қойма. Әрбір сәтінде мейлінше жақсы амал жасап қалуға талпын!

Күнделікті алып жатқан әрбір демің Аллаға жақындау үшін жасалған амалдарға кетсін. Егер сенің осы дүниеде асыл гауһар тасың болып, соны жоғалтып алсаң, қандай ауыр өкініш болар еді?! Тіпті, жоғалтып алған бір динардың өзі біз үшін өте ауыр соққы. Енді қалайша динардан да, гауһар тастан да бағалы уақытты босқа құртуға болады?! Қалайша жақсы амалсыз, Аллаға итағатсыз, босқа өткен әр уақытқа қапаланбауға болады?!

Құрметті тәлім алушы бауырым! Алла біздің әрбір ісімізге тауфиқ берсін! Бізді уақытын, өмірлік сәттерін құнды бағалаушы, өзінің, үмметі мен елінің қадірін түсірмейтін адамдарден етсін!» (Әбдул Фаттах Әбу Ғудда. «Қимату әз-Зәмән»).

материал «Не үшін оқу?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.