Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с) күнделікті шаруасы мен әдеттері

Пайғамбардың (с.ғ.с) күнделікті шаруасы мен әдеттері

0 44

Әли р.а айтады: Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) күнделікті уақытын үш мезгілге бөленгендігін айтады. Бұл уақыттардың бірі құлшылыққа, екіншісі халықтың ісіне, үшіншісі өз қажетіне бөлінетін. Пайғамбар түн ортасында немесе түннің үштен бірінде тұрып, жастығыны жанына қойған мисуәкпен тісін ысқылайды екен, сосын дәрет алып, тәһәжжуд намазын оқып, біраз уақыт ғибадат істерімен айналысқан. Бұдан кейін таң намазын оқу үшін мешітке баратын болған.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) таң намазынан кейін жайнамазының үстіне жатып, күн шыққаншы тынығып алып, сосын адамдарды қабылдайтын болған. Кейбір риуаяттар бойынша Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын дұха (сәске) уақытында төрт рәкағат немесе сегіз рәкағат намаз оқып, үйіне барып, үй шаруларымен айналысып, киімдерін жамап, аяқ-киімдерін жөндеп, малдарын сауатын.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) екінті намазынан кейін әйелдеріне жеке-жеке кіріп, хал-жағдайларын сұрайтын. Құптан намазынан кейін бөлмесінде құраннан “Исра”, “Зумар”, “Хадид”, “Тағабун” және “Жұма” сүрелерінің бірін оқитын.

Әр намаз үшін бөлек дәрет алуға тырысатын, кейде бір дәретпен бір неше намаз оқығаныда болған. Сүннет пен нәпіл намаздарын көбіне үйінде оқитын, ал парыз намаздарды мешітте ұзақ сүрелермен оқитын.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.