Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шүкірден алыс болған жүректерді емдеудің бір жолы

Шүкірден алыс болған жүректерді емдеудің бір жолы

0 37

Жүрегім таза деушілер де, жүрегімді тазалау керек еді деушілер де оқиық. Алла берген нығметті қадірлеп шүкір ету жайында мына ғалымның оқиғасы өнеге болар. Раби ибн Хайсам үйінде қабір қазып қойған екен. Қабірде жатып ұйықтап «Уа, Раббым, мені дүниеге кері қайтара көр!» аятын оқиды, кейін тұрып өз-өзіне «Ей, Рәби, сұрауыңа жауап берілмейтін, кері қайтарылмайтын күн келмей тұрып, мүмкіндікті олжа деп біліп Раббыңа ғибадат қыл» дейтін. Шүкірден алыс болған жүректерді емдеудің бір жолы – шүкірі өтелмеген нығметтер алынып кері берілмейтіндігін оған білдіру.

Сондықтан Фудайыл ибн Ияз: «Әрдайым шүкір етіңдер. Бір рет қолдан кеткен нығметтің кері қайтуы өте сирек кездеседі» деді. Мұны қазақ бабаларымыз «Дүние – алмакезек» деген. Өткен Ислам ұлықтарынан бір адам «Нығмет жабайы, оған шүкір ету арқылы оны өздеріңе үйретіңдер» деді. Құлдың қолында Алланың нығметі қаншалықты үлкен болса, адамдардың оған қажеттілігі де соншалықты көбейеді. Бұл тұрғыда адамдарға көмектеспегеннің нығметі соншалықты кетіп қалуға тәуелді.

Осыған қатысты Алла Тағала: «Қандай да бір қауым өз ішінде (рухани тұрғыдан жұтап) өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді)» деді.

материал «Ихия-улумиддин» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.