8-қараша. /SUNNA.KZ/ – Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмаханның ұйымдастыруымен, мешітте тазарту жұмыстары жүрілді.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті әр бейсенбі сайын тазалық жұмыстарын мейілінше арттырып келеді. Себебі елорда жамағатының жұма намаз оқитын жайнамазы (кілемі) құлшылық жасауға кіршіксіз таза болуы қажет.
«Тазалық – иманның тең жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат имандылық ордасының құлшылық залдарын, қабырғаларды және кілемдер мен тазалық бөлмелерін түгелдей дерлік тазартып шықты.
Осылайша, басқа да мешіт имамдары, кезекші молдалар және мешіт жамағаты қатысып, әсем мешітіміздің таза да тартымды, көркем де көрікті болуына өз үлестерін қосты.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі