Құранның ұлылығы оның теңдессіз стилінде жатыр. Ол оқылуы және мәнерлі түрде дауыстап айтылуы үшін түсірілген. Ешбір аударма оның шығысқа тән нәзік те терең реңктерін, сезімталдыққа толы мәнін жеткізе алмайды. Құранның сөйлемдерінің қуатын, шебер құрылымының биіктігін толық сезіну үшін түпнұсқа тілінде оқуың міндет. Оның музыкалық үндесуі мен ритмге бай прозасы жүрекке ерекше әсер етіп, ойларға күш-қуат, суреттерге жарық пен балғындық береді. Оның сиқырлы әсері мен рухани биіктігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл қасиеттер Мұхаммедтің (с.ғ.с) Алланың ұлылығынан шабыттандырылғанын сезіндіреді.
Құран барлық мәселелердің шешімін табады, діни және адамгершілік заңдарын байланыстырады, тәртіп пен әлеуметтік бірлікті орнатуға ұмтылады және кедейлік, қатігездік пен сандырақтарды азайтып,жоюға бағытталады.
Ол әлсіздерге қамқорлыққа, қайырымдылыққа үндейді және мейірімділікке бұйырады. Заңнама саласында күнделікті өзара көмекке қатысты ең ұсақ бөлшектерге дейін ережелер қойды, келісім-шарттар мен мұрагерлікті реттеді. Отбасы саласында әр адамның балаларға, құлдарға, жануарларға, денсаулыққа және киімге қатысты мінез-құлқын белгіледі.
материал «Ақиқат алдында жеңілген жүрек» кітабынан алынды,
sunna.kz