Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти науқас имамның көңілін сұрады

0 250

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы науқас имамның көңілін сұрап, Алладан шипа тіледі.

«Біз үшін әрбір имамның денсаулығы маңызды. Алла Тағала деніңізге саулық берсін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы дертіңізден тезірек айығып, отбасыңызбен қауышып, сауапты да жауапты жұмысыңызды жалғастыруыңызға тілектестік білдіреді» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. ҚМДБ Төрағасы елордада емделіп жатқан науқас имамға шипа тілеп, арнайы дұға жасады. Сонымен қатар, Діни басқарма қашан да қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кетсек, Алматы облысында имамдық қызмет атқарып келе жатқан Арман Бекбосынов ауыр науқасқа шалдығып, Түркияда ем алып келді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында ем-домын жалғастыруда. Оған ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры есебінен қаржылай көмек көрсетілген болатын.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.