Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Намазды тәкбір тахрима айтумен бастаудың артықшылығы

Намазды тәкбір тахрима айтумен бастаудың артықшылығы

0 84

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  аттан жығылып, оң жағы сырылып кетті. Намазды отырған күйі оқыды.  Сонда бізде отырып оқыдық. Намазды оқып болған соң бізге бұрылып:  «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол тік тұрып оқыса, тік тұрып  оқыңыз, рүкүғ қылса, сідер де рүкүғ қылыңыздар. Егер «Самиғаллаһу  лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд»,- деп айт!»,-деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  аттан жығылды, оң жағы сырылып, жарақаттанып қалды. Сонда бізбен  бірге отырған күйі намаз оқыды. Сонда біз де отырып оқыдық. Намазды  оқып болған соң бізге бұрылып: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер  ол тәкбір тахрима айтса, сендер де тәкбір тахрима айтыңдар, рүкүғ қылса, сендер де рүкүғ қылыңдар, рүкүғтан тұрса, сендер де тұрыңдар. Егер  «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд» деп айтыңдар!  Сәжде қылса, сендер де сәжде етіңдер»,-деді.

Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:  «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер имам тәкбір тахрима айтса, сендер де тәкбір тахрима айтыңдар, рүкүғ қылса, сендер де рүкүғ қылыңдар, рүкүғтан тұрса, сендер де тұрыңдар. Егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкал хамд» деп айтыңдар! Сәжде қылса, сендер де сәжде етіңдер, отырып оқыса, сендер де отырып оқыңдар!»,-деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.